KZNews.kz
Мәдениет

Танымал қазақ суретшісі қайтыс болды

Ayzhan Sylanova
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, профессор Ағымсалы Дүзелханұлының мезгілсіз қазасына байланысты отбасы мен жақындарына, туған халқына көңіл айтты.

– Ағымсалы Дүзелханұлы – бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен танылған бірегей суретші. Оның туындылары халқымыздың рухы мен замана тынысын айшықтап, ұлттық өнеріміздің көкжиегін кеңейте түсті. Сондай-ақ ол жас суретшілердің кәсіби қалыптасуына үлкен үлес қосып, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз еңбек сіңірді. Өмірден өтсе де, оның мол мұрасы мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы жолдас болсын, – делінген хабарламада.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары