Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал әнші Сәкен Қалымов отбасындағы сұмдық жайтты айтты (ФОТО)

Танымал әнші Сәкен Қалымов отбасындағы сұмдық жайтты айтты (ФОТО)
ашық дереккөзден

Эстрада әншісі Сәкен Қалымов өткен өміріндегі қателіктері туралы шын ашылып, бұрынғы жұбайы мен баласының алдынан өтпек болғанын жасырмады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол отбасымен сөйлесу үшін арнайы Астанаға барған. Алайда оның бұл әрекеті нәтижесіз аяқталыпты.

"Алдарынан өтейін деп Астанаға іздеп бардым. Жарымды да, баламды да кінәламаймын. Қателік – өзімнен. Ол кезде жеңілтек өмір сүрдік, орта да басқаша болды. Серілік құрып жүрген жас кезең еді, көп дүниеге салғырт қарадым. Әрине, мені құшақ жая қарсы алады деп барған жоқпын. Бірақ тіл табыса алмадым. Олар мені қабылдамады. Бұйырған күні бәрі өз орнына келеді деп үміттенемін", – деді ол ағынан жарылып.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер