Қоғамдық пікір: жұрт саяси жүйеге қаншалықты сенім артады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Әйелім мен баламның қадірін білмедім": Әнші Сәкен Қалымов өкінішін жеткізді (ВИДЕО)

"Әйелім мен баламның қадірін білмедім": Әнші Сәкен Қалымов өкінішін жеткізді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Әнші Сәкен Қалымов жеке өміріне қатысты сыр бөлісіп, өткеніне өкініш білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі "1001" бағдарламасына берген сұхбатында жастық шағында отбасының қадірін толық түсінбегенін жасырмады. Оның айтуынша, сол кезеңдегі өмір салты мен орта әсері көптеген қателікке алып келген.

"Өмір өзі сүріну мен қайтып түзелуден тұрады. Біздің кезімізде уақыт басқаша болды. Қолымызда стакан жүрді. Уақыт солай болды, ішкілікте, серілікте жүрдік. Құдайдың қосқан жарының, отбасының қадірін білмедік. Сондай өкініштерім бар. Ал өнерге деген өкініш жоқ. Жарымның, баламның қадірін білмей, ажырасқаныма өкінемін. Тағдыр, сүрінбейтін тұяқ жоқ деп өзімізді ақтағандай боламыз. Қазір тура жолда, құлшылықта, намазда жүргеннен кейін Алланың сынағы деймін. Алла тағала сүйген құлымды көп сынаймын дейді екен. Тағдырыма шүкір етемін. Мен бәрін мойындап отырмын. Бұл – күштілік. Қателігіңді мойындау, оны айту білу – ерлік. Заманға, жарыма сылтау айтып, жалтарып кетуге болады. Олай емес, мен кінәлімін. Ортамыз солай болды. Концерттен концерт, азаннан кешке дейін қолымызда стакан болды. Солай отбасыма қатысты өкінішім бар", – деді әнші.

Сонымен қатар әнші отбасылық қарым-қатынастар туралы да ашық айтты. Оның сөзінше, бүгінде ұлымен аралас-құралас емес.

"Өкінішке қарай, әзірге ортамызда мүлдем байланыс жоқ. Түсінемін, өкпелемеймін, ол кісілердікі дұрыс. Дұғадамын, бір жолықсақ кешірім сұрап, сый-сыяпат жасап, көңілдерін тапсам деп жүрмін. Ол күнде алыс емес. Сенімім мол. Кез келген ашу басылады. Бірінші келіншегімнен ұлым бар, екінші әйелімнен қызым бар. Қызыммен араласамын", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер