Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды kznews.kz.
Ашық дереккөздердегі мәліметке сәйкес, ол 2026 жылғы 24 наурызда Алматы қаласындағы Коперник көшесінде орналасқан үйінен шығып, содан бері қайта оралмаған.
Жақындарының айтуынша, бір аптадан бері Баир Сиқымбаевтан ешқандай хабар жоқ. Ол ерекше дауысымен, талантымен және келбетімен ерекшеленетін азамат ретінде сипатталады.
Журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желіде Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы жоғалып кеткенін жариялап, жұртшылықтан көмек сұраған.
– Әншінің жалғыз ұлын бірге іздейік. Ақпаратты барынша таратып, көрген-білгендер болса хабарласуға шақырамыз, – деп жазды ол.
Алдын ала мәлімет бойынша, жоғалған күні оның үстінде қара түсті спорттық киім болған.
Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз. Жақындары мен еріктілер тұрғындарды бейжай қалмауға және қандай да бір ақпарат болған жағдайда тиісті органдарға немесе туыстарына хабарлауға шақырады.