Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баирдың денесі табылған. Қайғылы хабарды Facebook парақшасында Жазира Бегалы жариялаған, деп хабарлайды kznews.kz.
Еске салсақ, марқұм 24 наурыз күні үйінен шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен болатын. Туыстары оның жоғалғанын хабарлап, іздеу жұмыстары жүргізілген еді.
Өкінішке қарай, Баир өлі күйінде табылды. Қазіргі уақытта оның нақты неден қайтыс болғаны белгісіз. Марқұм — танымал әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы.
Қаралы хабарға байланысты марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамыз!