Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасында үлкен қуаныш болатынын айтты

Танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасында үлкен қуаныш болатынын айтты
ашық дереккөзден

Танымал әнші Алтынай Жорабаева жақын арада отбасында үлкен той өтетінін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі бұл жаңалықты Анна Данченкоға берген сұхбатында бөліскен. Әншінің айтуынша, екінші қызына сүйіктісі ұсыныс жасап, ол келісімін берген.

Алтынай Жорабаева бұл жаңалықты ерекше толқыныспен қабылдағанын жасырмады. Оның сөзінше, екі қызының жас айырмашылығы небәрі екі жыл, ал кіші қызы бұл шешімді қабылдар алдында әпкесінің батасын алған.

"Екі қызымның арасы екі жас. Кішісі әпкесінің рұқсатын алыпты. Үлкен қызым оған бақыт тілеп, өзінің де жолы ашылатынына сенім білдірген. Мұны естігенде жылап алдым! Негізі қыздарыма асықпауға, аяққа тұрып алуға кеңес бергенмін. Бірақ бұйрық осылай болыпты. Алла сол күнге жеткізсін", – деді әнші.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер