Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал актер Заманбек Нұрқаділовтың сағатын аукционға шығарды

Танымал актер Заманбек Нұрқаділовтың сағатын аукционға шығарды

Актер Ұлан Нәсіпұлы марқұм Заманбек Нұрқаділовтың сағатын аукционға шығарды. Бұл туралы оның ұлы, блогер Ақарыс әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Блогердің айтуынша Заманбек Нұрқаділов оны өз қолымен актерге сыйлаған. “Терісқақпай” театрын ерекше жақсы көрген саясаткер 20 жыл бұрын аманат етіп, оны сатпауын өтінген.

”1999 жылы Заманбек аға әкеме өзінің таза алтын сағатын сыйлаған еді. Одан кейін әкем екеуі кездескен кезде сатып жіберме, жарайды ма деп ескертіп қоятын. Әкем әрине, Зәке сатпаймын деп уәде берген. 2005 жылы Заманбек аға қайтыс болды. Содан бері әкем бұл сағатты тақпай сақтап қойған. Сағаттың тағылмай, сақталып тұрғанына 20 жылға жуық уақыт өтті. Осы жылы әкем екеуміз Заманбек ағаның сағатын “Sham” мектебінің аукционына берейік деп шешім қабылдадық. Себебі, Заманбек ағаның тірі кезіндегі мақсаттарының бірі — ауылдың өнерлі балаларын қолдау еді. Осы миссияны қазіргі кезде атқарып, мектеп ашып жатқан Қуаныш Бейсек және Ұлықбек Шарипов. Сағат аукционда қымбатқа сатылып, түскен ақша білімді балаларға жұмсалуын нәсіп етсін! Басты мақсат: Заманбек Нұрқаділов ағамыз өмірден өтсе де, артынан барып тұратын сауаптар тоқтамасын”, —деді ол видеода.

фото: caravan.kz
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары