KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Таңғы асты Парижден ішеміз": Фариза Төреәлі армандарының орындалуына қатысты жазба жариялады

Torgyn Abushakhman

Танымал блогер Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы шетелден таңғы ас ішуді армандаған көрінеді. 

“Бала күнімдегі бір сәт есіме түсіп кетті. Ағам, мен, сіңілім үшеуміз армандауды, болашақ жайлы елестетуді бір жақсы көретін едік. Әсіресе ағам. Шамамен менің жеті жасым.. әлі есімде екен. Байқоңырда тұрамыз. Шәй үстінде әңгіме-дүкен құрып, жақсы әңгімелер көп болатын. Сонда ағам бір сөзінде "Алла қаласа үлкен қалаға көшеміз, сондай күнге жетеміз, бәріміз таңертең тұрып "кеттік таңғы асты Парижде ішейік, кешкі асты тағы бір елде" деп кетіп қала салатын сәттер болса, иә" дегені бар. Бірақ ол кездері ондай мүмкіндіктер жоқ еді. Кішкентай мен үшін қатты есімде қалған сәт екен, тіпті елестетіп миыма сіңіріп алдым”, – деп жазды блогер. 

Одан кейін армандау шексіз екенін, алайда адамның миында шектеу барын да түсіндірді. 

“Қазір ойлап отырсам, ағамның миында бала күнінен шектеу жоқ. Өзі ғана армандап қоймай, бізге де үйреткен екен. "Мүмкін емес" дегенді ойламаған. Ойына, армандарына, қиялына ерік беріпті. Сонда кішкентай Фариза әлгі өмірді елестетіп, миына жаңа нейрондарды енгізе бастаған екен. Дәл біз армандап отырған өмір мүмкін екендігіне сендім. Адамға нық сенім өте керек”, – деп жазды желі жұлдызы. 

Еске салайық, Фариза ағасы туралы ауыр сөз айтқаноқырманын орнына қойған еді. 

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары