Продюсердің айтуынша, жақында өзіне бриллиант алқа сыйлаған. Жаңа әшекейді әзірге екі рет қана тағып үлгерген.
Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, продюсер Мөлдір Мұқанова өзіне қымбат сыйлық жасап, алғаш рет бриллиант алқа сатып алғанын көрсетті. Сонымен қатар ол ай сайын несие төлеуге қомақты қаражат жұмсайтынын жасырмады, деп хабарлайды kznews.kz.
«Өз-өзіме сыйлық жасадым. Бұл – менің алғашқы бриллиантым. Өзімнің кольем. Жақында ғана алдым. Жап-жаңа. Бүгін екінші рет тағып тұрмын. Сонымен қатар айына 8 миллион кредит жабамын. Мұнша қарызымның барын жасырмаймын. Онда тұрған не бар? Еш уайымдамаңыздар, әр қазақтың басында кредит бар», – деді Мөлдір Мұқанова.
Ол ай сайынғы несие төлемінің көлемін ашық айтқанымен, қарызды қандай мақсатта алғанын және жалпы берешегінің мөлшерін нақтыламады. Продюсер мұндай қаржылық міндеттемелерді уайымдауға себеп көрмейтінін аңғартты.