"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Талғат Жорабаев үшінші рет әке атанды (фото) - новости Казахстана

Талғат Жорабаев үшінші рет әке атанды (фото) - новости Казахстана

Танымал әнші Талғат Жорабев үшінші рет әке атанды. Жорабаевтар әулеті қыз баламен толыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Қуанышты хабарды әншінің әпкесі Алтынай Жорабева Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

“Сүйінші, құрметті менің инстаоқырмандарым! Бүкіл мақтау мен мадақ Аллаға ғана тән! Аллаһым Талғат пен Аяулымға екі ұлдан кейін Медина есімді қыз сыйлады. Жандарым, алтындарым, байлықтарым. Бауы берік болсын.
Абыройлы, беделді, Алланың сүйген құлы болсын. Барлық тілектер қабыл болсын. Тілеген тілектеріңіз еселеп қайтсын”, – деді әпкесі.

Алтынайдың айтуынша, сәбидің есімін Мадина деп қойыпты.

Мұны оқыған желі оқырмандары "бауы берік болсын", "құтты болсын", "ақылды, əдемі, бауырмашыл қыз болсын" деген сынды жақсы тілектерін білдірген.


Дереккөз: kaz.nur.kz
Автор
Жандос