KZNews.kz
Жаңалықтар

Талғар тұрғыны Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Талғар аудандық соты атышулы іс бойынша үкім шығарып, Хасан Қасымбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл іс аясында барлығы алты адам сот алдында жауапқа тартылды: Хасан Қасымбаев, Руслан Алиев, Мадияр Калимжанов, Сайлау Актанов, Нұрмұхамбет Сұлтанбеков және Данияр Аскаров.

Айыпталушыларға адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып ақша алу баптары бойынша айып тағылған.

Сот үкіміне сәйкес, Хасан Қасымбаев кінәлі деп танылып, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу шартымен 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты іс кезінде көпшілікке танылған еді.

Бұған дейін қоғамда ол «Хуторские» деп аталатын қылмыстық топтың басшысы деген болжамдар тараған болатын. Алайда Ішкі істер министрлігі мұндай ұйымдасқан топтың бар екенін ресми түрде растамады.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары