Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары қызметінен босатылды

Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары қызметінен босатылды

Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен әкім орынбасары Сағындық Матан қызметінен босатылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Талғар қаласының әкімі Күрішбеков Бақыт Қуатбекұлы, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық атқаратын лауазымдарынан босатылды.

Бақыт Күрішбеков Талғарды 2022 жылдың жазынан бері басқарып келеді. Сайлау алдында "Аманат" партиясы Талғар аудандық филиалының жауапты хатшысы қызметін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырған. 14 қазанда марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты бұрынғы “Хутор” ауылының тұрғындары пікір білдірген еді. Ал кешке қарай Хасанның өзі экранға шығып, үндеу жасаған. Ол адвокат жалдағанын, өзін “Хутор бандасының” басшысы деп қаралағандармен соттасатынын айтқан.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары