Талдықорғанда куәгерлер көшелердің бірінде болған жастар арасындағы төбелесті видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды kznews.kz taldykorganec.insta-ға сілтеме жасап.
Жетісу облыстық Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Оқиғаның барлық мән-жайын және қылмыстық құқықбұзушылық жасауға қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", - деді ведомство өкілдері.