KZNews.kz
Саясат

Тағы бір президент ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

KZNEWS

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Республикасының Президентін әуежайда Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды. 

Өзбекстан — 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға мүше елдің бірі.
Фото: ҚР Үкіметі
Бүгінгі таңда Өзбекстан — Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен $4,5 млрд құрады.
Фото: ҚР Үкіметі
Бұл ретте биылғы 4 айда өзара сауда $1,2 млрд-қа жетті. Біздің республикамыздың Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57%-ы Өзбекстанмен байланысты.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары