Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сырым Шәріпханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Сырым Шәріпханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1991 жылы Қазан қаласындағы М.Чистяков атындағы Зымыран әскерлерінің жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін тәмамдады. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор.

Еңбек жолында азаматтық қорғаныс жүйесінде түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерді атқарды.

1997 жылғы маусымнан 1999 жылғы ақпанға дейін – Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар басқармасының Дайындық және оқыту орталығының бастығы.

2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы ақпанға дейін – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.

2014 жылғы қазаннан 2020 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының бастығы.

2021 жылдың 3 қыркүйегінен бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы қызметін атқарды

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары