Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Сырттан сөз тасымағаны дұрыс": Меруерт Түсіпбаева Айгүл Иманбаеваның ұлына қатысты ойын ашық айтты

"Сырттан сөз тасымағаны дұрыс": Меруерт Түсіпбаева Айгүл Иманбаеваның ұлына қатысты ойын ашық айтты

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптесі Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы Асылжанның тәрбиесіне қатысты пікрі білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Айта кетейік, Айгүл Иманбаева бір сұхбатында ұлы Асылжанды әкесімен арақатынасын үзбеу үшін екінші әйелі Алтынай Жорабаева тұрған үйге жіберіп тұрғанын айтқан. Айтуынша, баласы Алтынайдың өзін жақтырмайтынын айтып, жылап келетін көрінеді. Осы сұхбатқа қатысты Меруерт Түсіпбаева да өз ойын айтты.

“Алтынай Жорабаева – өте жақсы адам. Төрт қыз туып, өсірген ананың пейілі кең, жүрегі жұмсақ болады. Және ер бала үйге сырттан сөз тасымағаны дұрыс. Солай тәрбиелеу керек”, – деп жазды өнер иесі.

Бұған дейін Айгүл Иманбаева ұлы Асылжанға сұхбат берген болатын.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары