Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Сырттан бал ашпаңыздар": Гүлзира Айдарбекова көпшіліктің сұрағына жауап берді

"Сырттан бал ашпаңыздар": Гүлзира Айдарбекова көпшіліктің сұрағына жауап берді

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырмандарына үндеу жасады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушылар продюсердің Жұлдыз Әбдікәрімованы балалы болуымен не себепті құттықтамай жатқанын білгісі келді. 

"Менің отбасыма байланысты сұрақтар қойып жазып жатқандар. Біреудің жанұясын өсектегенше, өз әлеміңізбен, өз өміріңізді әдемілеп сүргеніңіз дұрыс шығар. Ештеңе білмей жатып, сырттай бал ашып, өсектегенше, өз басыңыздың қиындығын реттеп алған жөн болар, мысқылдағыш жандарға айтарым. Солай ма достар?", – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Сондай-ақ продюсер “Баласы екеуі тойдан қалмайды” деп сынаған оқырманын орнына қойды.

“Менің отбасым – менің әлемім. Тұмсығыңды тығып, менің өміріме тіміскіленбей, шаруаңды жаса. Өз-өзіңді дамытып. тірлік ет. Тауықтың миындай миың жоқ, санасызға сан айтсаң да болмайды екен ғой. Аңдығаның мен болдым ғой, басқа шаруаң жоқ па, әлде сені таба алмай қалады деп тұрсың ба? Менің отбасымнан да өзімнен де аулақ кет, жаныңның барында. Қоятын түрің жоқ қой, қара жыланға ұқсап оратылып отырсың. Қой дегенде қоймаған, қой дегенге зар болады. Бұл саған айтылған сөз”, – деп ашуланды Гүлзира Үсенқызы.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.