Сыныптан тыс жұмыс "Бірлігі жарасқан,біздің ел- Қазақстан"
11.02.2019
03:50
0
61
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сыныптан тыс жұмыс "Бірлігі жарасқан,біздің ел- Қазақстан"
Автор: Баяхметова Жанат Жанахметовна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-02-10
Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс бастауыш мұғалімдеріне,шағын орталық тәрбиешілеріне,мектепалды даярлық мұғалімдеріне арналған.
Тақырыбы: Бірлігі жарасқан, біздің ел -Қазақстан!«Отан-ортақ үйіміз»Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, халықтар достығын дәріптеу,көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға,мейрімділікке,татулыққа,,достыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.1-жүргізуші: ЕрнарАссалаумағалейкум, ардақты ағайын! 1- мамыр -Бірлік,ынтымақ мерекесі құтты болсын!2-жүргізуші:АқниетАрмысыздар, құрметті қонақтар,ұстаздар,ата-аналар! Мектепалды даярлық сыныбында өткелі отырған «Бірлігі жарасқан, біздің ел Қазақстан» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!1-жүргізуші: ЕрнарҚазақстан-достықтың мекені.Қазақстан-бірлік пен татулық ордасы.2-жүргізуші: АқниетҚазақстан- көпэтносты,көп тілді мемлекет.Құшағы кең, мейірім мен ынтымақ ұясы.1-жүргізуші: ЕрнарЖарасқан халқы алаштай,Отандас ұл-қыз екенбіз.Орманда өскен ағаштай,Татумыз,доспыз, бекембіз.2- жүргізуші: АқниетӘр адам- тұлға, саңылақ,Бірлікті жүрер ұмытпай.Қазақстаным-шаңырақ,Әрбір ұлт бір-бір уықтай.1-жүргізуші: ЕрнарКиініп бөлек талғаммен,Бақытты болып күлеміз.Түріміз өзге болғанмен,Жанымыз ұқсас, бір,егіз!2-жүргізуші АқниетШаттықпен ғұмыр кешеміз,Ынтымақ мәңгі болса екен.Жерұйық қайда десеңіз,Қазақстанды көрсетем.Олай болса, ортаға Қазақстанды өз Отаны санайтын ұлттардың достығын паш ететін мектепалды даярлық балаларын шақырайық!/ортаға әр ұлттың киімін киген балалар шығады,ортаға қазақ қыз-жігіті боп киінген балалар шаңырақ көтеріп ,қалған балалар әр түрлі ленталарды ұстап шығып,қатарға жарты шеңбер жасап тұрған соң,әнұран орындалады/Әнұран: «Қазақстаным» хор1-оқушы:Расул/қазақ жігіті/Мен қазақтың баласыҚазақстан мекенімСыйғызған бәрін даласыДостыққа ашып жүрегін2-оқушы Балғын/Қазақ қызы/Жүз қырық ұлт өкілінБауырға бастық жатсынбай.Береке, бірлік ұраным,Бейбітшілік жыр-әнім.3- оқушы: Арнұр/Қазақ жігіті/Көк туымыз желбірепКөгімде қыран самғасын.Берекеміз берік бопДостықтың жібі жалғансын. 4-оқушы: Камила/үнді/ 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. 5-оқушы: Мағжан/үнді/ Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. 6-оқушы Алтынай Ж /украйн/Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен тарихын дәріптеп, қазақстандағы татулық пен келісімді паш етеді. 7- оқушыРуслан /украйн/Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы , ынтымағы, бірлігі мәңгі жасай берсін! Қазақстан біздің ортақ үйіміз.
8-оқушы Аслия /неміс /Болсын жер мен су да ортақ.Болсын біздің ту да ортақ.Ақпыз, қара, сарымыз,Ағайынбыз бәріміз.9-оқушы: Ернұр /неміс/Сары, ақпыз, қарамыз,Бәрімізде баламыз.Бір Отанда тұрамыз,Бір мектепке барамыз.4-оқушы:Кәусар /корей/Алтай, Кавказ ұласып,Бауырайы әсем кең жатыр.Бақытты әні шарықтап,Құлаққа даусы кеп жатыр.5-оқушы:Диас /корей/Қырғыз, қазақ, өзбектер,Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,Армян, тәжік, грузин,Орыс пенен украин,Терезесі тең жатыр.1-жүргізуші: ЕрнарӘн: «Атамекен» 2-жүргізуші: Ақниет Үнді биі орындайтын Ержанқызы Камила6-оқушы: Алтынай А/түрік/Біз балдырған тең басқан,Дос құшағын елге ашқан.Тілегіміз бейбіт күн,Ашық болсын көк аспан7-оқушы: Аяла/армиян/Қазақ елі,Қазақстан жыр елі,Ынтымағы жарасады киелі.Қазақстан аясында бұрыннан,Бауыр басқан ұлттар өмір сүреді.8-оқушы:Нұрқасым/Өзбек/Бір-бірімен тату тәтті тұрады,Бәрінің де Қазақстан - тұрағы.Көк аспанда көк тулары желбірепАспанында қалықтайды қыраны.1-жүргізуші: ЕрнарИспан биі орындайтын Бағалтаева Мадина2- жүргізуші:АқниетӘн: Отан - ортақ үйімізКорей халқының биі.Орындайтын Ерболова Кәусар1-жүргізуші ЕрнарҚазақ жері – қонақжай төрдің жеріҚазақ елі – қас Сақтай ердің еліТолқынында тарихтың қуғын көргенБарша ұлтқа құт мекен болған еді2-жүргізуші: АқниетТілі бөлек болғанымен тілек бірҰлы достық мәпелеген жүрек гүл, Қазақстан бар ұлысқа шаңырақШайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.1-жүргізуші ЕрнарҚазақ жері достықтың гүлстаны Дархан өлкем мерейлі ырыс бағыКүрестерде, еңбекте,мерекеде,Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.2-жүргізуші: АқниетДостықтарытамыр болған ежелден,Кімдер қашсын қазақтайын өрелденБейбітшілік құсы көкте самғасынҚазақстан шарықтай бер кемелден.Олай болса, ел іргесі тыныш, бірлігіміз бекем болып,бейбіт өмірде бақытты ғұмыр кешейік дей отыра «Ақ көгершін» әнімен ертеңгілігімізді аяқтаймыз./Оқушылар «Ақ көгершін» әнін айтып болған соң, далаға шығып, шарға байланған қолдарынан жасаған көгершіндерін ұшырады/Ән: Ақ көгершін/хор/