ка

Сыныптан тыс жұмыс. "Білімді отбасы" интелектуалдық ойыны 5-сынып

26.01.2019 00:21
0
68
Сыныптан тыс жұмыс. "Білімді отбасы" интелектуалдық ойыны 5-сынып

Сыныптан тыс жұмыс. "Білімді отбасы" интелектуалдық ойыны 5-сынып

Бағыты: Математика Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: 5 сынып

Материал математикадан сыныптан тыс жұмыстарда отбасылық сайыс өткізгісі келетін мұғалімдерге арналған

Тақырыбы: Білімді отбасыМақсаты: Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.Көрнекілігі: слайд, таратпа материалдар, фигураларӘдісі: интелектуалдық ойынБарысы: БИ1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! 5-сынып отбасылары арасында өткелі отырған "Білімді отбасы" интелектуалдық сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Мектеп білім ошағы болса, отбасы - тәрбие ортасы. Білім мен тәрбие ажыратуға келмейтін егіз ұғым. Олай болса, жаңа заманға лайықты ұрпақ тәрбиесінде отбасының алар орны ерекше.1-жүргізуші: Бақытты отбасы - келешек кепіліТәрбие - отбасы шешіміҮйрету, үлгі ету, өнеге көрсетуӘрқашан үлкендер міндеті - деген өлең жолдарының мазмұндылығын түсіне білген ата-аналар бүгінгі сайыста өз ұрпағының қиялына қанат бітіріп, білімді отбасының үлгісін көрсетпек.

2-жүргізуші: ендеше, ойынға қатысушыларды қошеметпен ортаға шақырайық:5 А сыныбы: " Архимед ізбасарлары" тобы Оразалы отбасы. Оразалы Еркеназ Жәнібекқызы, ата-анасы: Женсикбаев Жәнібек Оразалыұлы, Абикенова Айнур Еркінқызы

5 Ә сыныбы: "Болашақ" тобы Жұмағалиевтер отбасы. Жұмағалиева Амина Айбекқызы , ата-анасы: Саттаров Айбек Жұмағалиұлы, Әбдірашитова Жұлдыз Әбдірашитқызы

5 В сыныбы: " Барыс" тобы, Саруар отбасы. Саруар Нұрасыл Дауренұлы, анасы Жүрсінбаева Гүлзира Байқоңырқызы, көкесі Боринов Даурен Досанғалиұлы.

5 Г сыныбы: "Тұлпар" тобы, Едіге отбасы. Едіге Санжар Арманұлы, ата-анасы: Рахметов Арман Едігеұлы, Жарылғапова Анар Мамыржанқызы.

5 Ғ сыныбы: " Жүйріктер" тобы Батыр отбасы. Батыр Інжу Қуанышқызы, ата-анасы:Үйсенбай Қуаныш Батырұлы, Сүлейменова Лаура Қалдыбайқызы.

5 Д сыныбы: "Үш жеті" тобы Жүрсін отбасы. Махмұт Жүрсін Олжасұлы, ата-анасы: Аймағанбетов Олжас Махмұтұлы, Тілеубаева Мархаббат ӨміржанқызыРахмет, орындарыңызға жайғаса беріңіздер.

1-жүргізуші: Алдымен интелектуалдық ойынның бөлімдерін таныстырып өтейін:1. "Таныстыру"2. "Көкпар"3. "Бәйге"4. "Танграм" ойыны5. "Ғажайып үштік"2-жүргізуші: ойынды бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар:1.Мектеп-лицей директоры: Мукашева Күлпаш Байзадақызы2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Досмаганбетова Жұмакүл Абсаматовна.3. Математика пәнінің мұғалімі: Жумадильдинова Майра Акентаевна4. Математика пәнінің мұғалімі: 1-жүргізуші: Көрермендер қошеметімен ойынды бастаймыз. 1-бөлім "Таныстыру" 5 ұпаймен бағаланады. (отбасылар өздерін таныстырады).

2-жүргізуші: «Көкпар» бөліміне көшеміз. Бұл бөлімде әр топқа екі математикалық жұмбақ жасырылады. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.

1-жүргізуші: Келесі бөліміміз «Бәйге» деп аталады. Әр топқа бірдей он сұрақ беріледі. 3 минутта жауабын жазып сарапшыларға берулері қажет. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.ӘН2-жүргізуші: Кезекті ойын "Танграм" ойыны. Ойынның шарты: фигуралар қиындыларынан жан- жануалардың бейнесін жасау. Әр бейнеге 2 ұпайдан беріледі.1-жүргізуші: қазылар алқасы қатысушылардың осы кезеңге дейінгі ұпай санын жария етулеріңізді сұраймыз.

2-жүргізуші: Ойынымыздың соңғы бөлімі "Ғажайып үштікке" де келіп жеттік. Бұл бөлімде тапсырмалар үш тақырыпқа топталған: 1. Киелі сандар2. Логика әлемі3. Ойды жалғастыр. Ойынның шарты топтар кезекпен тақырып және тапсырма номерін таңдайды. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.1-жүргізуші: Сонымен интеллектуалдық ойын өз мәресіне жетті. қазылар ойын нәтижесін қорытындылағанша кезекті тамаша әнге берейік.2-жүргізуші: Сөз қазылар алқасына беріледі.1-жүргізуші:Жанұяның тірегі әке болсын,Шаңырақтың шуағы ана болсын.Бар тілекті арнайтын балаңызғаКөңіліңіз ғажайып нұрға толсын- дей отырып бүгінгі "Білімді отбасы" ойынына қатысқан отбасыларға алғыс айтамыз. Жеңістеріңіз құтты болсын!2-жүргізуші: Жанкүйер отбасыларға да көп рахмет, келесі кездескенше сау-саламатта болайық!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий