Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен ол жаңа лауазымына бекітілді, деп хабарлайды kznews.kz.
Шыңғыс Әрінов 1983 жылғы 29 қазанда дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде білім алған. Сонымен қатар Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында құқықтану, Азаматтық авиация академиясында көлік саласына қатысты мамандық бойынша оқыған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2006 жылы Мемлекеттік күзет қызметінен бастаған. 2022-2024 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы болды.
2024 жылғы ақпанда Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Бұл қызметті атқарған кезеңде азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, төтенше жағдайларға ден қою және құтқару қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағыттарына басымдық берілді.
Ол 2025 жылдың қазанында генерал-лейтенант әскери атағын алған.