Демография статистикасы: елдегі әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте сұмдық жағдай: 3 жастағы баланың асқазанынан 16 магнит табылды

Шымкентте сұмдық жағдай: 3 жастағы баланың асқазанынан 16 магнит табылды
ашық дереккөзден

ымкент қаласында үш жасар баланың асқазанынан 16 магнит табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәліметке сәйкес, бала іші қатты ауырып, қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген. Ата-анасы дәрігерлерге баланың магнит жұтып қойғанын айтқан.

Қабылдау бөлімінде науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, кейін хирургия бөлімшесіне жатқызылған. Рентгенологиялық тексеру барысында баланың ішінен бөгде зат анықталған.

Толық медициналық тексеруден кейін дәрігерлер жедел операция жасау туралы шешім қабылдады. Видеоэзофагогастроскопия жүргізу кезінде асқазан қуысынан диаметрі шамамен 0,5 сантиметр болатын 16 магнит табылған. Бөгде заттар эндоскопиялық құралдың көмегімен толықтай алынды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлер оның өміріне төнген қауіпті дер кезінде алдын алған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер