Шымкенттің Қуныштық шағынауданында бірнеше көлік жер опырылған жерге түсіп кетті, деп хабарлайды kznews.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жол бетінің кенеттен опырылып, бірнеше автокөліктің ойыққа құлағаны көрсетілген. Видеоны түсірген тұрғындар асфальттың сапасына қатысты наразылық білдірген.
Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға ауызсу желісін тарту жұмыстары жүргізілген аумақта орын алған. Жобаның тапсырыс берушісі — «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС. Жерді қазғаннан кейін мердігер компания кері топырақ толтырып, уақытша жабынды төсеген.
Алайда топырақтың шөгуі салдарынан жер опырылып, көліктер түсіп кеткен. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр.