KZNEWS.KZ
Қоғам

Шымкентте 10-сынып оқушысы көшеде кішкентай баланы аяусыз тепкілеп тастаған

Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласында мектеп оқушыларының қатысуымен болған жағымсыз оқиға қоғам назарын аударды. 10-сыныпта оқитын жасөспірім көшеде кездескен кішкентай баланы ұрып-соғып, күш қолданған, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмады. Тексеру барысында оқиғаның Шымкентте, ал жанжал көрші тұратын 10-сынып және 5-сынып оқушылары арасында туындағаны анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, үлкен сынып оқушысы кішкентай баланы көшеде кездестіріп, оған қатысты агрессия танытқан.

Аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, оқиғаға байланысты барлық материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі арнайы комиссияға жолданған.

Мамандар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналар мен білім беру ұйымдары балалар арасындағы қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөліп, түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өтуде.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →