Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкент әкімі қызметінен кете ме?

Шымкент әкімі қызметінен кете ме?
Фото: видеодан алынды

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист сөзін "Аллаға және президентке рахмет" деп бастап,  әкімнен қала басшысы қызметінен кетіп-кетпейтінін сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Қаламыз жақсы дамып жатыр, халық уайымдайды, қаланы дамытуға үлкен үлес қосқан әкіміміз кетіп қалмай ма?" , - деді журналист.

Ғабит Сыздықбеков кадрлық шешімдерді президент қабылдайтынын айтты.

"Менің алдымдағы әкімдер де жан-тәнімен еңбек етті. Көп нәрсе жасалды. Бағаны халық береді. Ал әрі қарай жұмыс істеймін бе, жоқ па оны президент шешеді. Ол тағайындады, шешімді де өзі қабылдайды. Қолымнан келгенше еңбектене беремін", - деді өңір басшысы.

Көпшілікті таңғалдырған сәт журналистің соңғы сөзі болды.

"Сізді әкім етіп тағайындағаны үшін Аллаға және президентке рахмет", - деді ол.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі