KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Сүйінші»: танымал блогер Елдос «колобок» алғаш рет әке атанбақ

Айжан Сыланова

Желідегі парақшасында тараған видеосында блогер ұлды болатынын жариялады.

«Сүйінші, Қазақ елі! Аллаға шүкір, жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз», - деп жазды блогер Елдос Қадырханов.

Ол осыған дейін бедеулікке қарсы күрделі ота жасатқанын айтқан болатын.

Айтуынша, Түркияға барып, дертіне шипа іздеген ол емді Астанадан тапқан екен.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →