Араша сұрар заң қайда? Арыстағы трагедия бүкіл қоғамға үкім
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Супермаркетте орысша сөйлеуді талап еткен әйелдің әңгімесі немен аяқталды?

Супермаркетте орысша сөйлеуді талап еткен әйелдің әңгімесі немен аяқталды?

Алматы қаласында тіл мәселесіне байланысты туындаған жанжал сотқа дейін жетіп, оқиғаға қатысқан азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға мегаполистегі «Small» сауда желісінің дүкендерінің бірінде болған. Қазіргі таңда сот шешімімен құқық бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.

Жанжалдың туындауына касса маңындағы ұзақ кезек себеп болған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада сатып алушының дүкен әкімшілігінен неліктен бірнеше кассаның ғана жұмыс істеп тұрғанын сұрағаны көрінеді. Әкімші оның сауалына қазақ тілінде жауап беріп, жақын арада қосымша кассир келіп, қызмет көрсететінін түсіндірген.

Алайда қызметкердің жауабы тұтынушының наразылығын туғызған. Ол сұрағын орыс тілінде қойғанын айтып, әкімшіден дәл сол тілде жауап беруді талап еткен. Кейін екі тарап арасында сөзге келу орын алып, жағдайдың видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.

Оқиға қоғам назарын аударғаннан кейін полиция қызметкерлері жарияланған бейнематериалды зерделеп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жанжал шығарған азаматтың әрекетіне құқықтық баға беріліп, әкімшілік шара қолданылды.

Құқық қорғау органдары азаматтарға қоғамдық орындарда өзара сыйластық танытып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын ескертті. Сонымен қатар қоғамда алауыздық туғызуға бағытталған арандатушылық әрекеттерге, агрессивті мінез-құлыққа және әдеп нормаларын бұзуға жол берілмейтінін атап өтті.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осыған байланысты тұрғындардан тексерілмеген ақпаратты таратпау, арандатушылық сипаттағы контенттен аулақ болу және түрлі мәселелерді заң аясында шешу сұралды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.