Өнер иесі рэпер Shiza-мен бірге сахнаға шығып, көрермен алдында өнер көрсеткен. Концерт барысында Жанар Дұғалова ән айтып қана қоймай, қасындағы әртіске жақындап, онымен қатар билеген, деп хабарлайды kznews.kz
Концерттен түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары әншінің сахнадағы әрекетіне қатысты әртүрлі пікір білдіріп, кейбірі оны орынсыз деп бағалаған.
«Жанардан мұндайды күтпедік», «Не мынау?», «Күйеуі не істеді екен?», «Сүйкеніп өліп бара жатыр», «Алла сақтасын» деген пікірлер жазылған.
Осылайша, әншінің концерт кезіндегі өнер көрсету мәнері әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандар арасында түрлі пікір қалыптасты.