Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Сүйкеніп өліп бара жатыр”: Рэпермен дуэт айтқан Жанар Дұғалова жұртты шошытып алды

“Сүйкеніп өліп бара жатыр”: Рэпермен дуэт айтқан Жанар Дұғалова жұртты шошытып алды
Фото: Instagram.com / zhanar_dugalova

Әнші Жанар Дұғалованың сахнадағы қимылы әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Өнер иесі рэпер Shiza-мен бірге сахнаға шығып, көрермен алдында өнер көрсеткен. Концерт барысында Жанар Дұғалова ән айтып қана қоймай, қасындағы әртіске жақындап, онымен қатар билеген, деп хабарлайды kznews.kz

Концерттен түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары әншінің сахнадағы әрекетіне қатысты әртүрлі пікір білдіріп, кейбірі оны орынсыз деп бағалаған.

«Жанардан мұндайды күтпедік», «Не мынау?», «Күйеуі не істеді екен?», «Сүйкеніп өліп бара жатыр», «Алла сақтасын» деген пікірлер жазылған.

Осылайша, әншінің концерт кезіндегі өнер көрсету мәнері әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандар арасында түрлі пікір қалыптасты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.