Төрехан Сабырхан Қытай боксшысын 3 рет нокдаунға түсіріп, финалға өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Сүйінші!" – Францияда көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды

"Сүйінші!" – Францияда көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды
Фотоиллюстрация: Kznews

Францияда өткен Гран-при кезеңінде көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Францияның Тье қаласында өткен жарыста топтық жаттығулар бойынша біздің спортшылар 46.250 ұпай жинап, үшінші орынға көтерілді. Команда құрамында Аида Хакимжанова, Жасмин Джунусбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кенес, Айзере Нурмагамбетова және Кристина Чепульская өнер көрсетті.

Бірінші орынды 49.100 ұпаймен Украина құрамасы иеленсе, екінші орын Франция құрамасына (46.500 ұпай) бұйырды.

Айта кетейік бұған дейін жеке көпсайыс бойынша бақ сынаған Ақмарал Еркешова да қола жүлде алған болатын. Бағдарламаның төрт түрі бойынша Ерекешева жалпы 106,900 ұпай жинады.

Қазақстандық спортшы тек бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен екі гимнастқа жол берді — беларусь спортшысы Алина Горносько (112,200) және ресейлік Мария Борисова (110,350).

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.