Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz.
Топтық жаттығуларда спортшыларымыз күміс медальға қол жеткізді. Көпсайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 51,25 ұпай жинады. Ел намысын Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай қорғады.
Бірінші орынды 55,90 ұпаймен Қытай құрамасы иеленсе, Беларусь гимнастары 51,10 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Бүгін, 12 сәуірде, жекелей жаттығулар бойынша финалдық бәсекелер өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при кезеңінде қола жүлде алған болатын.