Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыс қорытындыланды, деп хабарлайды kznews.kz.
Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина мансабындағы ең жоғары ұпайын жинап, жалпы есепте 10-орын иеленді.
Мұз айдынына 13-ші болып шыққан Самоделкина еркін бағдарламасын жоғары деңгейде орындап, 138.99 ұпай алды. Екі бағдарлама нәтижесі бойынша ол 207.46 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Бұған дейінгі ең үздік көрсеткіші 2021 жылы тіркелген еді – 205.67 ұпай.
Жүлдегерлер:
- 1-орын – Алиса Лю (АҚШ) – 226.79 ұпай (жеке рекорды)
- 2-орын – Каори Сакамото (Жапония) – 224.90 ұпай
- 3-орын – Ами Накаи (Жапония) – 219.16 ұпай
- 10-орын – Софья Самоделкина – 207.46 ұпай
Айта кетейік, қысқы Олимпиада тарихында Қазақстан атынан әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанауда соңғы рет 2018 жылы Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен болатын.