KZNews.kz
Спорт

Сүйінші, ағайын! Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа қатысты қуанышты хабар мәлім болды

Қайсар Қанат
Jamie Squire/Getty Images. Суретте: Михаил Шайдоров

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқы Олимпиада ойындарындағы жарқын жеңісінен кейін әлемнің ең үздік үш спортшысының қатарына қосылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алтын медаль еншілегеннен соң Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жаңартылған рейтингінде 4961 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Көш басында 5410 ұпай жинаған америкалық Илья Малинин, ал екінші орында 5096 ұпаймен жапониялық Юма Кагияма орналасқан.

Айта кетейік, Олимпиададағы тарихи жеңісі үшін Михаил Шайдоровқа мемлекет тарапынан 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындалып, сондай-ақ II дәрежелі «Барыс» ордені табысталмақ.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/276402-mixail-saidorovqa-qatysty-quanysty-zanalyq-zariialandy

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →