Түркі әлемінің даңқты перзенті Мұстафа Өзтүріктің қызы – Неслихан Өзтүрік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
"Алматыдағы қонақүй бөлмемде айна алдында тұрып, бір сәтке демімді ішіме тарттым. Әлі де түс көріп тұрмын ба, әлде шынымен осындамын ба? Өз Отанымда. Қазақстанда. Жүрегім мені өзімнен бұрын күледі. Жүзімдегі бұл күлкі кездейсоқ емес – бұл мен қазір жүрегімде ұстап тұрған сезім", – деп жазды Неслихан Өзтүрік.
Мұстафа Өзтүрік – түркі әлеміне кеңінен танылған таеквондо шебері әрі Қазақстанда осы спорт түрінің дамуына жол ашқан тұлға. Ол 1954 жылы Түркияда дүниеге келіп, жастайынан шығыс жекпе-жегіне қызығушылық танытқан. Кореяда білім алып, кейін Қазақстанға келіп, таеквондоны насихаттады. Өз еңбегімен ұлттық спорт мәдениетінің қалыптасуына үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Мұстафа Өзтүрік қазақ жастарын рухани да, дене тұрғысынан да шыңдалуға үндеген ұлтжанды тұлға ретінде ел есінде қалды.