KZNews.kz
Жаңалықтар

Сүйінші, ағайын! Kaspi Bank ел асыға күткен жаңалығын хабарлады

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Kaspi компаниясы өз клиенттеріне Apple Pay және Google Pay арқылы төлем жасау мүмкіндігін енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Компания өкілдерінің айтуынша, клиенттер әсіресе шетелде жүрген кезде Kaspi QR жүйесін пайдалану қолайсыз болған жағдайларда осы сервистерді жиі сұрайтын көрінеді.

"Біз қуана хабарлаймыз: бұл бағыттағы жұмыс басталып кетті. Apple Pay және Google Pay жүйелері келесі жылдың басында қолжетімді болады. Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар", – делінген ресми хабарламада.

Kaspi атап өткендей, жаңа Kaspi Alaqan қызметі бар төлем жүйелерін алмастырмайды, керісінше, қосымша ыңғайлы әрі қауіпсіз балама ретінде ұсынылады.

"Қол арқылы төлем – қауіпсіз төлем тәсілдерінің бірі. Әр адамның алақаны ерекше, ал жүйе оны шифрланған үлгі арқылы таниды", – деп түсіндірді компания мамандары.

Сонымен қатар, Kaspi.kz Kaspi Alaqan жүйесінің Бірыңғай QR кодын алмастыруға арналмағанын, оның Ұлттық банкпен бірлесе іске асырылып жатқанын атап өтті.

"Біздің мақсат – клиенттерге кез келген банктің кез келген QR-коды арқылы төлем жасау мүмкіндігін ұсыну", – делінген мәлімдемеде.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары