KZNews.kz
Жаңалықтар

Сүйінші, ағайын! Еділ Жаңбыршин бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Youtube/Нартай Аралбайұлы. Суретте: Еділ Жаңбыршин

Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин елімізде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы норма заңды түрде бекітілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутаттың айтуынша, бұл түзету "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының құрамында қаралып, екінші оқылымда мақұлданған.

"Айттық, әзірледік, қабылдадық! "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының екінші оқылымында,  педофилия мен ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу нормаларының авторы ретінде процедураға сәйес сөз сөйледім. Өйткені кейбір халықаралық ұйымдар мен белсенділер бұл норманы заң жобасынан алып тастау керек, бұл нормалар "адам құқығын шектейді" деп мәлімдеме жасап жүр. ЛГБТ-ны насихатауды заңмен тиым салу адам құқығын шектемейді, халқымыздың, оның ішінде балаларымыздың рухани-моральдық иммунитетін күшейтеді. Осы мәселені айттық, норманы әзірледік, заңды қабылдадық!" – деп жазды Еділ Жаңбыршин.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары