Белгілі заңгер Мейірман Шекеев желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
"Кезекті клиентіміз бізге зар жылап келді. Ісін зерттей отырып, оның басынан мынандай сұмдықты шынайы өткергеніне көзім жетіп отыр. Себебі, бұл клиент дүкенде жұмыс жасап жүріп, "ақшамды жымқырды" деп дүкеннің иесі кінә артқан, бірақ неге екені белгісіз, құқық қорғау органдары "ақшаны жымқыру" бойынша емес, ЕРДР-ді тіркетіп алу үшін "алаяқтық бабымен" тіркеген. Қазіргі таңда біздің тарапымыздан ҚР ҚК 389 бабы бойынша түсірілген арызымызбен әрең дегенде іс қозғалғанымен, тергеушілер екінші тарапқа бүйрегі бұрып тұрғанын жасырмай, клиентімізге "сені қаматамыз" деп ауызша үкімді де бетіне басып айтқан көрінеді.
Қазіргі таңда үйінен айырылған клиентіміздің мүлкіне қатысты мәмілені жарамсыз деп тану үшін сотқа да жүгіндік, бірақ ол да өте баяу жүріп жатқандықтан, бұның артында белгілі бір күштердің тұрғанын сезуге болады. Десе де әділдік жеңеді, және әділдік жолында сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет. Негізі сіздер сенесіздерме, қарапайым сатушының 50 000 000 теңгенің жымқыруы? Ақылға қонымсыз, ия. Үлкен супермаркеттенде ондай қаражатты жай сатушы жымқырды дегенді естімеппін. Онда неге @qriim_mvdrk , @prokuratura.govkz іс алаяқтық бабымен қозғалған?" – деп жазды Мейірман Шекеев.