Сурхандария облысында баланы сатуға қатысты жан түршігерлік оқиға әшкереленді, деп хабарлайды kznews.kz.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, студент қыз жаңа туған сәбиін 1,5 мың долларға сатпақ болған.
Ақпаратқа сәйкес, Ангор ауданында тұратын бойжеткен бұл әрекетін алдын ала жоспарлап, нәрестені туғаннан кейін бірнеше күн ішінде сатып алушыларға беруді көздеген.
"Мәмілені жедел қызметкерлер әшкереледі. Қыз ұсталып, бала саудасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген дереккөз мәліметінде.