KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

ШҚО-да ерлі-зайыпты зейнеткерлер бір күннің ішінде көз жұмды

• Қайсар Қанат
Volodymyr Tarasov/Ukrinform/NurPhoto via Getty Images

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты Уварово ауылында жер үй өртеніп, ерлі-зайыпты көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1948 жылы туған үй иесі өрт сөндірушілер келгенге дейін сыртқа шығып үлгерген. Алайда ол түтіннен уланып қалған.

Оқиға орнына жеткен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері ер адамды аман алып қалуға тырысқанымен, реанимациялық шаралар нәтиже бермеді.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үй ішінен 1953 жылы туған әйелдің денесін тапты.

Тілсіз жау 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт толық сөндірілді. Қазіргі уақытта оның шығу себебі анықталып жатыр.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →