9 қазаннан бастап мектепте телефон пайдаланудың жаңа тәртібі күшіне енеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Щучинскте үй өртеніп, ерлі-зайыпты көз жұмды

Щучинскте үй өртеніп, ерлі-зайыпты көз жұмды
Фото: видеодан скриншот

Өрт туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жедел жетіп, жалынды сөндіруге кіріскен. Құтқарушылардың жұмысы барысында үйдің ішінен екі адамның денесі табылды.

Ақмола облысының Щучинск қаласында түнгі уақытта жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға салдарынан 1968 жылы туған ер адам мен әйел қаза тапқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар ерлі-зайыпты болуы мүмкін. Олардың екеуі де 1968 жылы туған.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Мамандар тілсіз жаудың неден тұтанғанын және қайғылы жағдайға қандай факторлар себеп болғанын тексеруде.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық сипаттағы нұсқа да назардан тыс қалмаған.

Аталған дерек Бурабай аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен тиісті арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп, қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтауға кірісті.

Тексеру нәтижесінде өрттің нақты себебі және оқиғаға қатысты өзге де мән-жайлар белгілі болады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.