«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

СҚО-да 50 жылқы мұз астына түсіп өлді

СҚО-да 50 жылқы мұз астына түсіп өлді

СҚО-да 50 жылқы көлге батып өлді, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап. 2 желтоқсанда СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне Әлжан ауылында 50 жылқы жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жылқылар СҚО Айыртау ауданы Әлжан ауылының тұрғындарына тиесілі екені анықталды. Жануарлар 27 қарашада еркін жайылымнан жоғалып кеткен.

"Іздеу барысында жоғалған жылқылар мұздың ішінде қатқан күйінде Барчи көлінен табылды. Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Кейін мұз жарылып, суға батып кеткен", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша Айыртау ауданының полиция бөлімінде тергеу басталды.

Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, нақты қанша жануар өлгенін анықтап жатыр.

Автор
Нұрсұлтан