Алматыда дәрігерлер салмағы 730 грамм болып туған сәбидің өмірін сақтап қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

СҚО ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

СҚО ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2018 жылғы 4 желтоқсан 17:00 149

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен ауыл шаруашылығы басқармасына Ерболат Бекшенов басшы болып тағайындалды. Ерболат Мұратұлы бұған дейін облыстық жер қатынастары басқармасының жетекшісі болып еңбек етті.

Ерболат Бекшенов 1973 жылы туған, Орталық Азия университетiн экономист мамандығы бойынша бiтiрген. Еңбек жолын «Бекшенов» шаруа-фермерлiк қожалығы басшысының орынбасары болып бастады. «Ет» ЖШС-де маркетинг бөлiмiнiң меңгерушiсi, Тайынша ауданындағы Донецк ауылдық округiнiң әкiмi, Мамлютка қаласы әкiмiнiң орынбасары, Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары қызметтерiн атқарды. 2014-2018 жылдары Мамлют ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Автор
Жандос