ка

Спортшы жойқын нокауттан көз жұмды

02.04.2019 12:18
0
1

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Оқиға Бразилияның Манаус қаласындағы аралас жекпе-жек турнирі кезінде болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Аралас стильдегі MMA жекпе-жегінде жойқын нокаутқа түскен Матеуш Фернандеш бірнеше сағаттан соң көз жұмды, деп хабарлайды  MMA Fighting.

22 жастағы спортшы жекпе-жегі Remulus Eight турнирін ашқан болатын. Фернандештің қарсыласы бірнеше жойқын соққы жасап, нокаутқа жіберген. Алайда ол төреші жекпе-жекті тоқтатпас бұрын тағы соққы жасап үлгерген.

Жекпе-жектен кейін Фернандеш ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмаған. Спортшының жүрегі тоқтап қалды.

MMA Fighting-тің хабарлауынша, спортшы алған соққыдан емес,  есірткіден қайтыс болған. Фернандеш есірткіге тәуелділерге көмек көрсететін бағдарлама бойынша емделіпті.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий