Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Спорт алаңындағы клиникалық өлім: жасөспірім күрес кезінде ауыр жарақат алды

Спорт алаңындағы клиникалық өлім: жасөспірім күрес кезінде ауыр жарақат алды

Жасөспірімге алғашқы медициналық көмек дер кезінде көрсетілген. Дәрігерлердің шұғыл әрекетінің арқасында оның өмірін сақтап қалды. Зардап шеккен бала санитарлық авиация көмегімен жедел түрде Астанаға жеткізілді.

Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2010 жылы туған жас спортшы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.

«Науқасқа шұғыл консилиум ұйымдастырылып, Денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар нейрохирургі қатысты. Қысқа уақыт ішінде интенсивті терапия басталды. Қазір ол анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.