Тоқаев Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуын тамашалады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ШЫҰ саммиті: Тоқаев ұйымды реформалауға қатысты қандай ұсыныс айтты?

ШЫҰ саммиті: Тоқаев ұйымды реформалауға қатысты қандай ұсыныс айтты?
Фото: aqorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде сөз сөйлеп, еліміздің ұйымға қатысты ұстанымын жеткізді.

Тоқаевтың пікірінше, ұйым тек қауіпсіздік мәселелерін талқылайтын дипломатиялық алаң емес, Еуразиядағы сауда, көлік және экономикалық ықпалдастықтың нақты тетігіне айналуға тиіс.

Бұған бірнеше ұсыныс дәлел. Президент стратегиялық тұрақтылық пен сенім шараларына арналған министрлік конференциясын өткізуді, қауіпсіздік қатерлері мен есірткіге қарсы орталықтарды іске қосуды қолдады. Бұл - әлемдегі қарулы қақтығыстардың салдары шекарадан асып, энергетикаға, логистикаға және халықаралық саудаға әсер етіп отырған кезеңдегі ұсыныс.

Алайда,Тоқаев сөзінің экономикалық бөлігі әлдеқайда маңызды. ШЫҰ елдерінің өзара саудасы триллион долларға жақындап келеді. Демек, ұйымның экономикалық әлеуеті зор. Ендігі мәселе осы ауқымды сауда ағынын нақты инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты болып отыр.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан ұсынған трансшекаралық сауда аймақтарын құру және көлік бастамаларын дамыту елдің өз мүддесімен де тікелей қабысады. Қазақстан ШЫҰ кеңістігіндегі географиялық орналасуын пайдаланып, Қытай мен Орталық Азияны Каспий арқылы Еуропамен жалғайтын маңызды транзиттік буынға айналуға ұмтылып отыр.

Ал ШЫҰ реформалау туралы ұсыныс саммиттегі ең салмақты саяси бастамалардың бірі. Ұйым кеңейіп, оның экономикалық және геосаяси салмағы артқан сайын бұрынғы жұмыс тетіктері жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан ШЫҰ-ның жаңа жағдайға бейімделген, нәтижеге бағытталған ұйым болғанын қалайды.

Тоқетерін айтқанда, Қазақстан үшін ШЫҰ тек геосаясат алаңы емес. Ол сауда, транзит және экономикалық ықпалдастықтан нақты пайда табудың мүмкіндігі болуға тиіс. Сондықтан, Тоқаевтың реформалау жөніндегі ұсынысы ұйымның болашағын ғана емес, Қазақстанның Еуразиядағы экономикалық орнын да айқындайтын бастама деуге болады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.