KZNews.kz
Жаңалықтар

"Соңғы сұхбаты болыпты": Асанәлі Әшімовтің аузынан соңғы өсиетті естіген журналист ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
kznews.kz коллажы

Белгілі журналист Ғалымжан Кеңшілік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды kznews.kz.

КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов саналы ғұмырындағы соңғы сұхбатын "1001 түн" бағдарламасына беріп, өнегелі өсиетін айтқан. Осы туралы бағдарлама жүргізушісі Ғалымжан Кеңшілік Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Ағаның қайтқанын ауыр қабылдадым. Себебі, бұл соңғы сұхбаты болыпты… Бұл сұхбат өткен жексенбіде жазылды. Әдеттегідей түнгі тікелей эфирде емес, ағаның уақытына ыңғайлап, күндіз таспалап алдық. Көңілді келді, "студияң әдемі екен" деп сүйсініп отырғанда сұхбатты бастап кеттік. Бүкіл "1001 түн" командасы ерекше дайындалдық. Әсіресе сценарист Нұрлыбек екеуміз қатты уайымдадық. Ағаның өресіне сай, биік болмысын аласартып алмайтын дүние жасауға тырыстық. Дайын шығарылымды жұма күні эфирге шығардық. Ал кеше суық хабар келді. Соңғы сұхбаты… "Ғасыр адамның ғұмырындағы соңғы сұхбаты деп сақталатын тарихқа лайық болдық па?" деп көп ойландым. Содан Асанәлі абыздың осы пікірін еске түсіріп, еріксіз толғандым… Алла алдынан жарылқасын!" – деп жазды Ғалымжан Кеңшілік.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары