"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Смайыл Алдан | өмірбаяны

Смайыл Алдан |  өмірбаяны

Алдан Зейноллаұлы Смайыл (3.10.1946 жылы туылған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылы) – жазушы, публицист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005). ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген (1970). Еңбек жолын 1970 жылы Қазақ радиосынан бастап, 1975 – 90 жылдары Целиноград (қазіргі Ақмола) облысы “Коммунизм нұры” газетінің бөлім меңгерушісі, 1990 – 95 жылдары Ақмола облысы “Тіл және мәдениет” қоғамының төрағасы, “Қараөткел” газетінің бас редакторы, 1995 – 97 жылдары Ақмола облысы телерадио компаниясы төрағасының орынбасары, 1997 – 2002 жылдары Қазақстан телерадио корпорациясы Астана студиясының бас директоры, 2002 – 07 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Астана бөлімшесінің директоры, “Астана жазушыларының кітапханасы” редакциясының бас редакторы қызметтерін атқарды. 2007 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Тұңғыш көркем шығармасы “Тамыздың таңы” 1979 жылы жарық көрген. “Ақ жалын” (1982), “Найзақара” (1985), “Сағынтып келген көктем” (1987), “Арқаның Бетпақ деген даласы бар” (2000) повесть, романдарында адам мен қоғам, өмір мен өлім жайлы философиялық ой толғайды. Халықаралық “Алаш” (2005), Қазақстан Журналистер одағының (2002), “Тамұқтан келген адам” романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алған (2006). Д.Сэллинджердің “Жар жағалаған жалғыз” романын қазақ тіліне аударған (2005)

Автор
Мадияр