Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алдан Мұсабекова | өмірбаяны

Алдан Мұсабекова |  өмірбаяны

Мұсабекова Алдан Алтайқызы 1947 жылы Жамбыл облысы Луговой ауданы Жамбыл атындағы колхоздың «Көкарық» ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Ақыртөбе орта мектебін, 1969 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы оқу орындарында ұстаздық, тәлімгерлік қызметтер атқарған, мектеп ұжымдарын басқарған. Педагогика саласында сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен және шығармашылық еңбектегі жетістіктері үшін Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Өлеңдері мен әңгімелері облыстық, республикалық басылымдарда, жинақта жарық көрген. 2002 жылдан бері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушылық қызмет атқарады, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Бірнеше оқулықтар мен ғылыми монографияның авторы. Көп балалы ана.

Автор
Арман