Тараздағы таразы: Қарашөкеев қант зауытын жаңғыртуға бюджет қаржысын жұмсады ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

СҚО-да әкімдік қызметкері ауыр жағдайда ауруханаға түсті

СҚО-да әкімдік қызметкері ауыр жағдайда ауруханаға түсті
Фото: Tengrinews.kz / ЖИ

Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында әкімдікте жұмыс істейтін 62 жастағы әйел улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнынан қоштасу хаты табылған. Қазіргі уақытта әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға 3 қараша күні болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің өзіне зиян келтіру әрекетіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

Құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Полиция 62 жастағы жергілікті тұрғынның аудандық ауруханаға жеткізілгенін растады.

"3 қарашада аудандық ауруханаға улану белгілерімен 62 жастағы жергілікті тұрғын жатқызылды. Оқиға орнынан сірке қышқылы құйылған бөтелкелер мен қоштасу хаты тәркіленді. Тергеу аясында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлер әйелге медициналық көмек көрсетіп жатыр. Оның қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде екені белгілі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер