Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сюжетті рөл балабақша ойындары

Сюжетті рөл балабақша ойындары

  Сюжетті рөл

Картотека №1    «Киім дүкені»
Мақсаты: Ойын барысында рөлдерді ойнай білуге үйрету. Сатушы әртүрлі киімдер түрлері туралы әңгімелейді.


    Картотека №2   «Балабақша»
Мақсаты: Тәрбиеші балаларды қабыл дап, таңертеңгілік жаттығуды өткізеді, ойнатады.

Картотека №3    «Зообақ»
Мақсаты: Балалар ата-аналарымен зообаққа келеді, әртүрлі жануарларды көреді, әйткеншекте тебеді.


    Картотека №4    «Мектеп»
Мақсаты: Балалардың мектеп жайында білімдерін толықтыру. Бірі мұғалім бірі оқушы болып ойнай білуге үйрету. Үлкендердің іс-әрекетін қайталай білуге, мұғалім мен оқушының қарым-қатынастарының қандай болу керектігін көрсету. Ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.

Картотека №5    «Шаштараз»
Мақсаты: Балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Шаш өрудің әр түрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.

    Картотека №6    «Отбасы»
Мақсаты: Отбасы мүшелерін білу, олардың отбасында атқаратын қызметін үйрету. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Бауырмалдыққа, мейірбандыққа баулу. Өздеріне берген рөлдерді дұрыс орындап, тату ойнауға тәрбиелеу.

Картотека №7    «Құрылысшы»
Мақсаты: Балаларды құрылысшының қызметімен таныстыру. Қаншама үйлер, мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету. Құрылысшы маманының еңбегі зор екенін саналарына сіңіру. Еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

 
Картотека №8    «Аспазшы»
Мақсаты:    Балаларды тағамның түрлерімен таныстыру. Оларға жасаудың қарапайым жолдарын түсіндіру. Асты қадірлеуге үйрету.

Картотека №9    «Аурухана»
Мақсаты: Өздіктерінен рөл дерді бөле білуге үйрету. Қызығу шылықтарын арттыру. Бір-біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

    Картотека №10    «Дүкен»
Мақсаты: Сатушының рөлін ойнай білу біліктклікке үйрету.

Картотека №11    «Киім дүкені»
Мақсаты: Ойын барысында рөлдерді ойнай білуге үйрету. Сатушы әртүрлі киімдер түрлері туралы әңгімелейді.
Картотека №12    «Жолаушылар»
Мақсаты:   Балалардың көңілдерін көтеріп саяхатқа шығару. Саяхатқа баратын көлік түрлерімен таныстыру. Жолға шыққанда балаларға жол жүру ережесін түсіндіру. 


Картотека №13    «Дәрігер»
Мақсаты:  Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары