KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Сіз ең жақсы әкесіз".Алтынай Жорабаеваның жазбасы жұртты тебірентті (видео)

KZNEWS

Екінші мәрте тұрмыс құрған әнші күйеуі екеуінің арасында болған әңгімені желіге жариялады.


Ол өзінің Instagram-дағы парақшасына күйеуі Әлішердің балажан екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі


"Алтынай: Алла осы балажандығыңа перзент берсе екен.


Әлішер: Алла берсе де, бермесе де ризамын. Ол ненің хайырлы екенін бізден жақсы біледі. Төрт ханшайымым бар. Соларға қамқор болып, дұрыс әке болсам одан асқан бақыт жоқ маған.


Алтынай: Енді бәрібір өзіңнің балаң болу керек қой.


Әлішер: Тапқан емес, баққан әке",- делінген жазбада.


Әншінің жазуынша, қыздары Әлішер әкесін жақсы көріп, сыйлайды.




Мен ешқайсысына "мені папа деңдер" деген емеспін. Керісінше, қыздар "сіз ең жақсы әкесіз, әке махаббаты мен мейірімін сізден көрдік дейді,


— деп жазды ол.




Алтынай Жорабаева осы жазбаның дәлелі ретінде видео жариялады. Бейнежазбадан күйеуінің кішкентай қызды ойыншықпен күтіп алып, құшырлана иіскеп жатқанын көруге болады.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары